Жақсылық Үшкемпіров: Денис қазақтың маңдайына сыймай кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ спортының ардагері Жақсылық Үшкемпіров Денис Теннің қазасына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті қонақтар! Спорт ардагері ретінде қатты толқып тұрмын. Денис өз баламнан да жас, немереммен жасты еді. Қазақ елін дүниежүзіне танытқанына қысқы Олимпиадада өзім Сочиде куəгер болғанмын. Сонда алған медалін бірге сүйіп, қасында болдым. Қазақтың маңдайына симай кетті. Жүрегімізге пышақ салғандай күй кештік. Ол Қазақстанның кім екенін дүниеге танытты. Амал не?! Оның есемі өшпейді, артынан жастар еретін болады. «Мен де Денис сияқты боламын»-дейтін болады. Мен осыған сенемін! Оның көрмеген ғұмырын артында қалған жастарға берсін. Елі аман болсын!»,-деді Жақсылық Үшкемпіров бүгін Алматыда.

Бүгін Алматыда қазақстандық мəнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рəсімі өтті.

Сағат 11.20-да оның денесін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынан алып шықты. Спортшыны Дружба ауылында жерлейді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ салған.

nullnull

Соңғы жаңалықтар