Жақсылық Досқалиев коронавирус тіркелген елдерге бармауға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарды өз денсаулығына жауапты болуға және коронавирус тіркелген елдерге бармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамның өз жауапкершілігі туралы айту керек. Олар ауру жұқтырып, инфекцияны елге әкелмеу үшін өз жауапкершілігін көрсетулері керек. Еліміздің бас санитарлық дәрігері баруға қауіпті елдерді атады. Соған құлақ асу керек. Италияға барудың қажеті жоқ. Себебі, онда сырқаттану мен өлім-жітім қаупі жоғары. Өмір адамға бір рет қана беріледі. Сондықтан, еш себепсіз тәуекел етпеңіз. Отанды немесе отбасын қорғау үшін тәуекелге баруға болады», - деді Жақсылық Досқалиев журналистермен өткен кездесуде.

Мен қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігін тыңдауға және осы кеңестерді ұстануға шақырамын. Денсаулық сақтау министрлігі біздің азаматтарымыздың денсаулығын қорғауда, бұл – олардың тікелей міндеті. Бірақ бұл шетелге сапар шегіп, ауру жұқтыру қаупіне ұшырау керек дегенді білдірмейді. Қазақстан – транзиттік ел, сондықтан қазақстандықтар түрлі елдерге, соның ішінде Қытайға сапар шегеді. Сондықтан карантиндік орындар арнайы әзірленді. Осы шаралардың арқасында қазір Қазақстанда коронавируспен ешкім ауырып жатқан жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, коронавирус – әлемде өршіп келе жатқан қауіпті инфекция.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлем бойынша 81 189 адам осы инфекцияны жұқтырды. 2700 адам қайтыс болды. Бүгінде әлемнің 33 елінде кемінде бір науқас адамнан бар. Бұл бұл инфекцияның өте жұқпалы және тез таралатынын білдіреді. Коронавирус жұқтырғандардың 3,4% қайтыс болған. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Оның үстіне бұл ауруды емдеу өте күрделі. Ең алдымен балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар жұқтырады. Ересектер арасында жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар адамдар жиі ауырады», - деді профессор.

Бұған дейін коронавирус індетіне байланысты Қазақстан мен әлемдегі ахуалға шолу жарияланған еді.



Соңғы жаңалықтар