Жақсылық бумерангы: Ыстық шәй мен тегін такси өскемендіктерге жылу сыйлады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Өскемен жастар орталығының еріктілері көшеге шығып, «Мейірім - жақсылық бумерангы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерікті жастар орталық мешіт қызметкерлерімен бірлесіп, жеке автокөліктерімен суықтан тонған адамдарға ыстық шәй беріп, үйлеріне тегін апарып тастап жатыр.

Оған қоса, Өскеменде «Имам такси» деген жазу бар арнайы көліктер тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Жастар орталығының жетекшісі Ринад Ахметжановтың сөзіне қарағанда, бұл бастамаға қалалық мәслихат депутттары, «Жас Отан» жастар қанаты көшбасшылары мұрындық болған екен.

Акция ертең де жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз астаналықтар аязды күндері бір-біріне көмек қолын созып жатқандығы туралы жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, қатты аязға байланысты елорда мешіттері «Астана - мейрімді қала» акциясын бастады.

Соңғы жаңалықтар