«Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолында Беларусь азаматы көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жолдың шетінде тұрған көліктен 56 жастағы Беларусь азаматының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 13-інде Есіл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 38 жастағы ер адам хабарласып, «Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 50 шақырымында жолдың шетінде тұрған жүк көлігінен бейтаныс адамның денесі табылғанын айтқан.

«Айтылған жерге барған тәртіп сақшылары жолдың шетінде тұрған «SCANIA» көлігінің ішінен 56 жастағы жүргізушінің денесін анықтады. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Беларусь Республикасының азаматы, көлік дөңгелектерін тасымалдаумен айналысқан. Алайда, көлік аударылмаған, жүргізушінің денесінен күш қолданудың белгілері табылмады. Алдын ала анықталғандай, ер адамның жүрегі тоқтап, көз жұмған. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар