Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Толедо қаласында қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) пен америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4КО) жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Бірінші раундта Уоррен қазақстандық былғары қолғап шеберін 2 мәрте нокдаунға жіберді. 2-раундтан бастап Жақиянов ширақ қимылдай бастады. 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Жанат Жақияновқа басымдық беріп, жеңімпаз деп тапты.

Бұл қазақстандықтың кәсіби рингтегі 27-ші жеңісі

Соңғы жаңалықтар