Жақиянов Boxing Scene рейтингінде екінші орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) америкалық Роши Уорренды (14-2, 4 КО) жеңгеннен кейін, Boxingscene.com рейтингінде өз позициясын жоғарылатты, деп хабарлайды Sports.kz.

WBA Super титулын иемденген жеңіл салмақтағы Жақиянов тоғызыншы орыннан екіншіге көтерілді. Уоррен жеңілгеніне қарамастан екінші орыннан тек бір позицияға төмен сырғыды. Бұл рейтингті WBA дәрежесі бойынша чемпион, британиялық Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) өз атағын бес рет қорғап, көш бастап тұр.

Еске сала кетейік, Уоррен бірінші раундта қазақстандық былғары қолғап шеберін 2 мәрте нокдаунға жіберді. 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Жанат Жақияновқа басымдық беріп, жеңімпаз деп тапты.

Соңғы жаңалықтар