Жак Аттали: Назарбаев – әлемдегі дана адамдардың бірі

None
None
ҚазАқпарат - Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бойындағы ерекше қасиеттері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық саясаткер» атты онлайн конференциясында Жак Аттали 30 жыл бұрын, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезінде Еуропалық қайта құру және даму банкі құрылғанын атап өтті.

«ЕҚДБ — Қазақстан өзінің дауыс беру құқығымен толыққанды мүшесі болған алғашқы халықаралық институттардың бірі. Маған 30 жыл ішінде Президент Назарбаевпен бірнеше рет кездесуге және оның көзқарасымен, ерік-жігерімен, елді дамыту қабілетімен танысудың тамаша мүмкіндігі туды»,– дейді Жак Аттали.

Сонымен қатар, ол Қазақстан Конституциясының ережелерін дайындауға көмектескенін және сараптамалық-консультативтік кеңестің мүшесі болғанын жеткізді.

«Осы уақытта мен Назарбаевтың саяси көрегендігін, келіссөздерді жүргізу және өте қиын жағдайда әрекет ету қабілетін көрдім. Ол әлемдегі ең дана адамдардың бірі бола алғандығына қатты қуанам. Ресей, Қытай, Иран және басқа да елдермен көршілес жатқан Қазақстан сияқты елді басқару үшін дипломатиялық және әлеуметтік тұрғыдан орасан зор әлеует пен дағды қажет. Нұрсұлтан Назарбаев осы дағдыларға ие, соның арқасында ол саналы шешімдер қабылдай алды, оның бірі - ел астанасын Астанаға ауыстыру және оны әлемдегі ең жақсы сәулетшілердің көмегімен әсем және халықтың өмір сүруіне жағдай жасады»,– деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің алғашқы президенті Жак Аттали.


Соңғы жаңалықтар