Жаһандық жылынуды тоқтату үшін 1 трлн ағаш отырғызу керек - экологтар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария экологтары Жер шарындағы орманды алқаптарды үш есеге арттыру көмірқышқыл газын азайтып, жаһандық жылынуды тоқтатуға көмектесе алатынын айтады.

The Independent басылымының жазуынша, өткен аптада Ғылымды дамыту қауымдастығының (AAAS) Вашингтонда өткен жыл сайынғы кездесуінде Швейцариядағы Цюрих жоғары технология мектебінің профессоры Томас Кроутер жаһандық жылынуды тоқтату үшін бүкіл әлем бойынша шамамен бір триллион ағаш отырғызылу керектігін мәлім еткен.

«Бүгінгі таңда үш триллион ағаш 400 гигатонна көмірқышқыл газын жоя алады. Ал ағаштардың санын тағы бір триллионға арттырсақ, ағаштар адамдардың он жылда шығаратын көмірқышқыл газының көлеміне тең мөлшерде ауаны тазарта алатын болады», - дейді доктор Кроутер. Оның айтуынша, осы күнге дейін жаһандық жылыну мәселесінде ағаштардың рөлі өз бағасын ала алмай келеді.

«Ағаш отырғызу жаһандық жылынумен күресу үшін тиімсіз жол сияқты көрінеді. Дегенмен, дүниедегі ең соңғы зерттеулерге сенсек, Жер шарында әлі де 1,2 триллион ағаш отырғызуға мүмкіндік бар. Бұл ауыл шаруашылығы немесе қалалы жерлерді емес, пайдаға аспай, бос жатқан жерлерді есепке алғандағы зерттеу», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар