Жаһандық сауда жүйесінің бөлшектену қаупі бар - ДСҰ басшысы

None
Фото: EPA/RAMIN TALAIE
АСТАНА. ҚазАқпарат – Геосаяси шиеленіс салдарынан әлемдік экономиканың бөлшектену қаупі бар. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз геосаяси шиеленіс салдарын Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) қызметінде сезініп отырмыз. Бұл ретте мамандар бөлшектену қаупі жайында жиі айта бастады. Жаһандық сауда жүйесінің бөлшектену қаупі бар. Менің ойымша, бұл қазіргі көпжақты сауда жүйесі алдында тұрған ең маңызды мәселе», – деді Нгози Оконджо-Ивеала.

Оның сөзіне қарағанда, осы сын-қатер жаһандық жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.

«Сауда саласындағы мәселелерге өте сақ болған жөн. Өйткені, әлемдік сауда жүйесі бөлшектеніп кетсе, оның салдары тым қауіпті. Егер әлем екі сауда блогына бөлінсе, бұл нақты жаһандық жалпы ішкі өнімнің 5% көлемінде жоғалуын білдіреді деген болжам бар. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің 2008–2009 жылдардағы қаржы дағдарысы кезінде тап болған шығынынан арттық, яғни ол кездегі шығын 2% – 2,5%-ын құрады», - деді ДСҰ басшысы.


Соңғы жаңалықтар