+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды – сарапшы

2019 жылғы 9 қараша 12:16
Бөлісіңіз:
Жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды – сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл бесінші рет өтетін «Астана клубының» отырысына ядролық қаруды таратпау мәселесі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы, әлемдік экономиканың даму үрдісінің төмендеуі, жаһандық климаттың өзгеруі сияқты ауқымы кең тақырыптар қамтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экология министрлігі өскемендік оқушының видеосына жауап берді Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындарына жағымсыз метеорологиялық жағдай ескертілді Бүгін Мадридте БҰҰ-ның климат жөніндегі 25 конференциясы басталады

«Биыл «Астана клубының» отырысында ядролық қаруды таратпау мәселесі, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттық соғысы, әлемдік экономиканың даму үрдісінің түсуі, жаһандық климаттың өзгеруі сияқты ауқымы кең тақырыптар қамтылады. Осы мәселелер бойынша прогреске жету – қиын. Маңыздысы – осы мәселелер бойынша әлемдік әріптестікті сақтау және оған жаңа серпін беру. Қазіргі уақытта жаһандық проблеманы ешбір мемлекет жалғыз өзі шеше алмайды, оны бүкіл әлемдік қауымдастық бірігіп шешуі керек. Осыны жүзеге асыру үшін бізге ең алдымен сұхбат керек. Бұл отырыстың түпкі мақсатын, маңызын түсіну – өте маңызды», -деп атап өтті экономика және саясат институтының сарапшысы Ерлан Мәдиев.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының Халықаралық бағдарламалары орталығының басшысы Қайрат Абусеитов «Астана клубы» отырысында көтерілген мәселелердің шешу жолдары қаншалықты жүзеге асатыны туралы айтты.

«Бұл шарада пікір-талас, талқылау – өте маңызды. Отырыста «Астана клубы» қандай да бір ұсынымдар айтпайды», - дейді ол.

Бесжылдық қызмет барысында Астана клубы дүниежүзінің 40 елінің 200-ден астам сарапшыларының бас қосқан беделді халықаралық пікірталас алаңына айналды.

Аталған шараны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырады. «Астана Клубының» миссиясы – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары тұрғысынан жаһандық күн тәртібін қалыптастыру үшін Еуразияның жетекші сарапшылары, саяси көшбасшылары мен дипломаттарының басын біріктіру.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT