Жаһандық экономикалық дағдарысты бастан өткеріп отырған әлем қайта құлдырауы мүмкін - ҚР Президенті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық диалогтардың тоқтатылуы - бұл қауіпті үдеріс. Бүгін Астанада өтіп жатқан VII Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы II дүниежүзілік конференцияның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«ХХІ ғасырда барлық мемлекеттер, барша саясаткерлер "G-global" әлемінде, оның эволюциялық, сенімділік, ашықтық, толеранттылық пен диалогтық қағидаттарымен өмір сүруге үйренулері керек. Жаһандану сөзсіз бүкіл әлемді әрбір адам үшін барынша жақын әрі барынша қолжетімді етіп отыр. Алайда, қазіргі уақытта ең күрделі жаһандық экономикалық дағдарысты бастан өткеріп отырған әлем қайта құлдырау мен рецессия жағдайына түсуі әбден мүмкін», - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, «халықаралық қатынастар теңдігінің шайқалуы, жаһандық диалогтың доғарылуы - бұл қауіпті үдеріс».

Соңғы жаңалықтар