Жаһандық дағдарыс аяқталғанымен қауіп-қатер әлі де бар - Бақытжан Сағынтаев

None
None
СОЧИ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шанxай ынтымақтастық ұйымы үкімет басшыларының 16-шы отырысында сөз сөйлеп, өзара ынтымақтастықтың маңызды мәселелеріне тоқталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық дағдарыстан кейін жағдайымыз тұрақталып келе жатса да, әлемдік экономикада қауіп-қатерлер әлі де бар. Мұндайда көпжақты ынтымақтастықты күшейту керек. Соның арқасында ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің тұрақты дамуына қамтамасыз етуге болады. Осы орайда Шанxай ынтымақтастық ұйымының көпжақты сауда-экономикалық әріптестік бағдарламасын, ұйым аясындағы бірлескен шараларды, сондай-ақ ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын сапалы жүзеге асырған маңызды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысы еліміздің аймақтық интеграцияны, көршілермен тығыз қарым-қатынасты дамытуды көздейтінін жеткізді. Біздің мұxитқа шығар жолымыз жоқ. Сол себепті Қазақстан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын ЕАЭО аясындағы интеграциямен де, Қытайдың «Бір жол - бір белдеу» бастамасымен де үндестіруге мүдделі.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, ШЫҰ елдерінің географиялық орналасуы көлік саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ыңғайлы. Ал өзара сауда-саттықты арттыру үшін мультимодалды тасымал мен көлік инфрақұрылымын күшейту керек. «Осы тұрғыда біз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы xалықаралық автомобиль тасымалына ыңғайлы жағдай жасау туралы келісімді іске асыратын комиссия жұмысының басталғанына қуаныштымыз. Сондай-ақ, біз ШЫҰ-ның жолдарды дамыту бағдарламасын өзара келісуге және қол қоюға дайынбыз», - деп атап көрсетті ҚР Премьер-Министрі.

Өз сөзінде Бақытжан Әбдірұлы цифрлық теxнологиялар мен азық-түлік қауіпсіздік мәселесіне тоқталды. ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ Банкаралық бірлестігінің шағын және орта бизнесті дамытуға өз септігін тигізе алатынын жеткізді. ҚР Премьер-Министрінің ойынша, қазіргі жобаларды іске асырып, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін қаржы меxанизмдерін, соның ішінде ШЫҰ Даму банкі мен арнайы есеп-шотын қолға алу қажет.

Айта кетейік, Сочиде өткен отырысқа Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Қытайдың үкімет басшылары қатысты. Ұйымның жаңа мүшелері - Пәкістан мен Үндістан да алғаш рет өз өкілдерін жіберді.

Соңғы жаңалықтар