+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумынан ЕАЭО-ны кешенді цифрландыру бастау алады

2018 жылғы 2 ақпан 13:07
Бөлісіңіз:
«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумынан ЕАЭО-ны кешенді цифрландыру бастау алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты Еуразиялық экономикалық одақ форумы өтіп жатыр. Алқалы жиын аясында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев арнайы сұхбат берді, деп хабарлайды 24.kz.

Жауапты ведомство басшысы форумның мән-маңызына тоқталып, оған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевпен қоса бірнеше мемлекеттің үкімет басшылары қатысып жатқанын атап өтті. Дәурен Абаев әсіресе жаһандық деңгейдегі бұл басқосудың осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің ортақ шешіміне сай өткізіліп отырғанын еске салды. Сондықтан дәл осы жиын арқылы Еуразиялық экономикалық одақ елдерін кешенді цифрландыру бастау алуы тиіс.

Министрдің айтуынша, Еуроодақта өндіріске тың технологияларды енгізу 400 млрд долларға тең пайда әкелген. Егер Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Армения секілді интеграциялық ұйым мүшелері жаңашылдықты жан-жақты енгізе білсе мол табысқа кенелуі мүмкін.

«Бұл жерде айтайын дегенім, Қазақстанның астанасын қазіргі Астана қаласына көшіру, инвестиция тарту мәселесі бойынша, елімізге қанша инвестиция келді, индустриалды бағдарламаны іске асыру, қанша жұмыс орны ашылды, делимитациялау мәселесі, мемлекеттік шекараны нық орнату. Осының бәріне кезінде кейбір қазақстандықтар онша сеніңкіремей қарап еді. Қазір соның бәрінің нәтижесін көріп отырмыз. Осы бағдарлама да, форум да тікелей Елбасының тапсырмасы бойынша орындалып жатыр»,-деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Фото: 24.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT