Жағажай футболынан Еуролига-2018: ҚР құрамасы өз тобында жеңіске жетті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Бүгін жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Еуролига турнирінің тобында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Еуролига-2018 топтық сатысының екінші кезеңінің соңғы ойынында Ерлан Жамантаев жаттықтыратын жағажай футболынан ұлттық құрамамыз Литваны ұтты.

Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша есеп тең болды - 2:2. Станислав Макагон мен Баянбек Мұралиновтың голдарына литвалық Адриус Плитникас пен Айварас Мешкинис жауап бере алды.

Соңғы кезеңде біздің құрама басымдықты қолға алды. Мұралинов пен Демешконың дублі және Тюльпаның голы командамызға жеңіс әкелді, есеп - 7:5.

Бұның алдындағы матчтарда жағажай футболшыларымыз Молдова мен Грекия құрамаларын жеңгенін жазған болатынбыз. Осылайша, ҚР ұлттық құрамасы үш матчта шеберліктерін дәлелдеп, 3-інші топта бірінші орынға ие болды. Енді командамыз промо-финалда ойнайтын болады.

Турнир ойындары Мәскеуде өтуде.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар