+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Жадыра Дәрібаева: Мұндай қайғы енді қайтып болмасын

2020 жылғы 13 шілде 12:52
Бөлісіңіз:
Жадыра Дәрібаева: Мұндай қайғы енді қайтып болмасын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған қарай ақын, «Құрмет» орденінің иегері Жадыра Дәрібаева коронавирус инфекциясынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық инфекционист коронавирустан сақтану және емделу жөніндегі басты сұрақтарға жауап берді Шымкентте  коронавирустан 3,3 мың науқас емделіп шықты Шымкенттегі мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

«Бұл індет өте қиын болды. Ауыл-аймақтағылар хабарласып, көмек сұрап жатыр. Олардың шырылдаған үні, жанайқайы Үкіметке жетіп, шаралар қабылданып жатыр. Дәрігерлер тапшылығы бар, бірақ бар шама-шарқы жеткенше күресуде. Дегенмен бәрі баяу жүріп жатыр, сондықтан билік тарапынан үлкен шара қолдану керек», - дейді ақын Жадыра Дәрібаева.

Ол бұл індет жастардың да өмірін қиып жатқанын айтты.

«Онсыз да саны аз қазақстандықтардың індет салдарынан өмірден озып жатқаны жүрегімізді ауыртады. Ең қиыны - 40-50 жастағы адамдар да дертті жеңе алмай, ажал құшуда. Қаза тапқандардың жаны жәннатта болып, алдынан жарылқасын. Олардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Мұндай қайғы енді қайтып болмасын деп тілеймін», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT