Жабылатын болсақ, үлкен шығынға батамыз - Алматы облысында балалар лагерлерінің басшылары

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының шығынға батқысы келмеген балалар лагерлерін жабуға басшылары асықпай отыр. Ал Іле Алатауы жотасының Талғар, Есік, Түрген өзендерінің көлдері, бассейндерінде мұздықтардың еруі мен булануы әсерінен мұздық немесе қар жамылғысы массасының азаюы байқалып отыр. Сондай-ақ лайлы сел қалыптасуының мүмкіндігі сақталуда.

Ал «Марал сай» балалар лагерінің заңгері Айваз Әлиев «Төтенше жағдай орын алса, балаларды ұшу құралдарымен қауіпсіз жерге шығарамыз», деді.

«ТЖ қызметкерлері «Марал сай» балалар лагеріне сел қаупі төніп тұрмағанын, қауіпті жағдай жолда орын алу мүмкін екені туралы талай рет айтқан. Төтенше жағдай туындап, жол жабылса, біз балаларды әуемен жүретін ұшу құралдары - тікұшақтармен жедел тасымалдау нұсқасын ұсынып отырмыз. Атап айтқанда, біз шұғыл жағдай орын алғанда бізге балаларды тасымалдау қызметін көрсетуге дайын бір компаниямен келісім орнаттық. Осылайша, біз балаларды қауіпсіз жерге көшіруден бас тартып отырған жоқпыз. Оның заңға сәйкес жүргізілуіне негіз болған жағдайда», - деді заңгер Айваз Әлиев.

Шығынға батқысы келмеген балалар лагерлерінің басшылары жабылуға асықпай отыр. Бүгін күрделі шаралар қабылданған соң сел жүру қаупі бар жол ресми түрде жабылды, директорлар демалып жатқан барлық адамдарды 2015 жылдың 30 шілдесіндегі таңғы сағат 10-ға дейін көшіруді уәде етті.

Ал «Марал сай» балалар лагерінің директоры Гүлнар Шәбденова өзіне қарасты ұйым жабылған жағдайда ол көлемі миллиондаған теңгені құрайтын шығынға бататынын айтты.

«3 тамызға қарай Батыс Қазақстаннан 200-ден астам бала келеді деп күтіп отырмыз. Шетелдік компаниялармен келісімшартқа отырдық, алдын ала жартылай төлемін де алдық. Енді оларды демалдыра алмай қалсақ, үш есе көлемінде айыппұл төлейтін боламыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар