Жабық жолда полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды

Фото:
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тас жолының жабылған кезінде болған.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды. Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді.

13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен азамат әкімшілік қамауға алынды.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар