Жабық қалашықтардағы әскерилер баспанамен қалай қамтамасыз етіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жабық әскери қалашықтар мен заставаларда тұратын әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. 

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағы бір маңызды жаңа нормаға тоқталсақ, бұл мәселе жабық әскери қалашықтар мен заставаларда орналасқандықтан, жекешелендіруге жатпайтын қызметтік баспанамен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге қатысты. Заң жобасы бойынша оларға сол өңірге тиесілі тұрғын үй төлемдері ай сайын 50 пайыздық көлемде аударылатын болады. Бұл өз кезегінде әділетті болып табылады, себебі мемлекет аталған әскерилерді тегін қызметтік баспанамен қамтамасыз етеді, олардың коммуналдық төлемдерін де толықтай мемлекет көтереді. Сондықтан әскери қызметшінің мұның сыртында мемлекет беретін 50 пайыз сомасындағы тұрғын үй төлемдерін жинақтап, банктердің ипотекалық несиелендіру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндігі бар»,-деді Талғат Мұхтаров «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бойынша баяндамасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Заң жобасымен қандай да бір тұрғын үй берілместен, қызметтен шығарылған әскери зейнеткерлерге біржолғы ақшалай өтемақыны алдағы 2018 жылы беру көзделген, яғни олардың тұрғын үйге деген құқығы толық іске асырылады. Мұнымен қоса, әскери қалашықтарда тұрып жатқан зейнеткерлерге де біржолғы ашқалай өтемақы төлеу қарастырылған.

Сонымен қатар қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларының баспанасыздық мәселесі шешіледі . 

Соңғы жаңалықтар