+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Жабық автотұраққа газбен жүретін көлік қойғандар 12 мың теңге айыппұл төлейді

2020 жылғы 15 ақпан 16:01
Бөлісіңіз:
Жабық автотұраққа газбен жүретін көлік қойғандар 12 мың теңге айыппұл төлейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жабық автотұраққа газбен жүретін көлік қойғандарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Автомобиль жолдары саласында 130-дан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген Қазақстанда жаңа автокөлікті онлайн тіркеуге болады Алматыда көлік қозғалысы бес есеге азайды

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау) бойынша азаматтық қорғаныс органдары ереже бұзғандарға 5 АЕК немесе 12 мың теңгеден астам айыппұл сала алады. Сонымен бірге, құқық бұзудың салдары ауыр болса, Қылмыстық Кодекстің 292-бабында арнайы жаза көзделген. Оқиғаның ауырлығына қарай, айыппұл немесе бас бостандығынан айыру жазалары қолданылады. Екі немесе одан да көп адам қаза тапса - 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

2019 жылдың желтоқсанында ҚР өрт қауіпсіздігі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізген Үкімет қаулысы қабылданды, онда газбен жүретін көліктердің жабық паркингтерге кіруіне тыйым салынды.

Жалпы өрт қауіпсіздігі ережелеріне 148 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT