Жабайы маймыл 1,5 айлық нәрестені талап өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Севастопольдің Нахим ауданында жеке хайуанат бағынан қашып кеткен жабайы маймыл 1,5 айлық нәрестені талап өлтірді. Қасында тұрған ата-анасы баланы құтқара алмады.

Жергілікті тергеу басқармасы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиға былай болған. Торды тазалау кезінде қашып шыққан маймыл көршілердің үйіне кіріп, бесікарбада жатқан сәбиді талап тастаған, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Енді қара мангобейді асырап отырған 65 жастағы қожайыны заң алдында жауап беретін болады. Тергеу басқармасы жеке хайуанаттар бағының адамдар қоныстанған жерде орналасуының қаншалықты заңды екендігін анықтап, қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауға назар қоймақ.

Соңғы жаңалықтар