Жабайы аборигендер америкалықты садақпен атып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бенгаль шығанағында Андаман аралдарының бірінің байырғы тұрғындары христиан дінін уағыздаушы америкалықты өлтірген.

Оның мүрдесін Солтүстік Сентинель аралына жеткізген балықшылардың айтуынша, жергілікті аборигендер марқұмды садақпен атып өлтіріп, денесін жағалауға тастап кеткен.

Жергілікті БАҚ-тардың хабарлауынша, Алабама штатының тұрғыны 27 жастағы Джон Аллен Чо бірнеше рет Андаман аралдарына барып, хистиан дінін уағыздаған.

«Полицияның мәлімдеуінше, Чо бұдан кем дегенде төрт немесе бес рет жергілікті балықшылардың көмегімен Солтүстік Сентенель аралдарына барған»,-деп мәлім етті Би-би-си-ге архипелагтағы оқиғалардың ізін бағып жүрген журналист Субир Бхаумик.

Бірқатар деректерге қарағанда, Джон Чо 14 қарашада аралға бармаққа тырысқанымен сәті түспеген. Ол арада екі күн өткеннен кейін осы әрекетін тағы қайталаған.

«Оған садақтың бірнеше жебесі тиген. Балықшылар марқұмның денесін жіпке байлап сүйреткенін көреді. Бәрі бұдан қатты қорқып қаша жөнеледі»,-дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Айта кетсек, 2017 жылы үнді билігі Андаман аралдарындағы байырғы тұрғындарды суретке не болмаса видеоға түсіргендер үш жылға түрмеге қамалатындығы жөнінде қаулы қабылдаған болатын.

Өркениеттен тыс оқшау өмір сүріп жатқан бұл аралдардың байырғы тұрғындарының саны шамамен 150 адамнан аспайды.

Соңғы жаңалықтар