Зейнеткерлер үшін ең нашар 5 мемлекет аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Natixis француздық қаржы корпорациясы қай елде зейнетке шығу тиімді екендігін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru  сайтына сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес , зейнеткерлер үшін ең нашар мемлекеттердің алғашқы бестігіне Түркия, Ресей, Бразилия, Греция және Үндістан енген.

Бұл ретте, Норвегия, Швейцария, Исландия, Швеция және Жаңа Зеландия көшбасшы елдер болып отыр. Германия - жетінші, АҚШ - 17-ші, Франция 19-ыншы орынға орналасқан.

Есептеу барысында төрт негізгі фактор назарға алынды: денсаулық сақтау деңгейі, зейнетақы көлемі, өмір сүру сапасы және материалдық ауқаттылық. Олардың әрқайсысы 0-ден 100-ге дейін бағаланды.

Natixis - Францияның ірі банктерінің бірі. Жаһандық зейнет индексін 2013 жылдан бері есептеп келеді. Зерттеу барысында Дүниежүзілік банктің, сондай-ақ ұлттық статистикалық ведомстволардың мәліметтеріне сүйенеді.

Айта кетейік, Қазақстандағы зейнеткерлердің әл-ауқаты зерттеуде көрсетілмеген. 

Соңғы жаңалықтар