Зейнеткердің 2 млн теңгесін алып қашқан өскемендік ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өзін «Өскемен су арнасы» мекемесінің қызметкері ретінде таныстырған тонаушы 79 жастағы зейнеткердің 2,3 млн теңгесін алып қашқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, зейнеткер күдіктіге 2,3 млн теңгені тартып алды деп кінә тағып отыр. Коммуналдық мекеме маманы ретінде ішке енген күдікті әуелі зейнеткерден төлем туралы түбіртектерді талап етеді. Құжаттарды тексеру кезінде ақша салынған буманы байқаған ол зейнеткердің бейқамдығын пайдаланып, буманы жұла қашқан.

«Зейнеткерге 2,3 млн теңге материалдық шығын келген. Іздестіру кезінде 29 жастағы жұмыссыз, бұрын сотталған азамат ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында», - дейді департаменттің баспасөз қызметшісі Азамат Раисов.

Соңғы жаңалықтар