Зейнеткерді тонаған ұрыны қолға түсірген қарағандылыққа полиция генерал-майоры қол сағат сыйлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция басшылығы қаңтар айында зейнеткерді тонаған ұрыны ұстап берген Анатолий Слатининді марапаттады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

«12 ақпанда Қарағанды облыстық ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров А.Слатининге қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін ІІМ символикасы бар қол сағатты сыйға тартты», - делінген хабарламада.

-Оның бұл әрекеті өзге азаматтарға үлгі боларлық,- деді ІІД басшысы.

Еске сала кетейік, Қарағандыда 33 жастағы А. Слатинин зейнеткерді тонаған қылмыскерді ұстады. Оқиға 13 қаңтар күні болған. 88 жастағы қарияның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйелді ұрып, соққан. Ақша болмаған соң ол сырға мен сақинаны алып қашқан. Осы кезде айқау-шуды естіген зейнеткердің көршісі Слатинин үйінен шығып, дер кезінде ұрыны ұстап алған.

Соңғы жаңалықтар