Зейнетке шыққан қызметкерлер неге жұмыс істеп жүр

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетке шыққан қызметкерлердің неліктен жұмыс істеп жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілерге сол адамның жұмыс тәжірибесіне қарай еңбек келісімшартын жалғастыруды не тоқтатуды айқындау мүмкіндігін бердік. Көптеген жұмыс беруші зейнетке шыққан адамдарды бұрынғы лауазымында алып жүрген жалақысымен қалдырады», - деді Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген министр.

Оның атап өтуінше, Еңбек министрлігі мұндай мүмкіншілікке тосқауыл қоймайды.

«Мұның үстіне олар республикалық бюджеттен берілетін зейнетақы төлемін алады. Иә, жекелеген жағдайда отбасылық бюджеттері қажеттілігі үшін жұмысын жалғастырып жүрген адамдар да бар. Яғни, біз олардың жұмыс істеуіне кедергі болмаймыз. Бұл адамның өз таңдауы», - деді Тамара Дүйсенова.

Ведомство басшысы, сондай-ақ тілшілердің «зейнет жасына жеткеннен кейін жұмыс істеуді жалғастырасыз ба?» деген сауалына жауап берді.

«Егер менің тәжірибем қажет болса, онда жұмыс істей беремін. Ал егер тәжірибем қажет болса, онда менде зейнетте боламын. Зейнетақы төлемін алып отырамын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар