Зейнетақының бір бөлігін тек жаңа үйді жөндеу үшін ғана алуға рұқсат етіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін депозитке аударуға бола ма? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бекітілген ережелерге сәйкес, зейнетақының шекті мөлшерінен артық соманы депозитке салып қоюға рұқсат жоқ. Ол соманы алғашқы жарна ретінде егер сіз тұрғын үй жинақ жүйесіне қатыспай, бірден керекті соманың 50 пайызы ретінде салып, үй алуыңызға болады. Бірақ ол ақшаны алып, депозит ретінде өсіріп, мемлекеттік сыйақыны алам деуге мүмкіндік жоқ», - деді Жансұлтан Матаев.

Ал Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, ережеге сәйкес, азаматтар меншігіндегі үйді жөндеуге қаражатты жұмсауға мүмкіндігі жоқ. Тек сатып алған үйінің жөндеу жұмысына ғана зейнетақының бір бөлігін алуға рұқсат етіледі.

Еске сала кетсек бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар