Зейнетақыны пайдалану: Қарызын ерте жапқысы келгендер айыпақы төлеуге міндетті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жекелеген қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін пайдалану арқылы тұрғын үй ипотекасының негізсі қарызын жабу кезінде банкке айыпақыны төлеуге міндеттелген. Бұл мәселенің анық-қанығын «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016 жылы мерзімінен бұрын берешекті өтеуге қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Банкке қарыз беру – несие арқылы табыс табуға болатын мүмкіндік. Мәселен, егер мен коммерциялық банктің басшысы болсам, депозиті бар азаматтарға жылына 10 пайыз төлеймін де, несиені 14 пайызбен беремін. Яғни 4 пайыз – ипотека бойынша екінші деңгейлі банктің маржасы. Қазақстанда банктердің табысы орташа есеппен осындай», - деді Ләззат Ибрагимова BaigeNews.kz порталының YouTube-арнасындағы сұхбатында.

Оның айтуынша, егер кредит алушы несиені мерзімінен бұрын жапқысы келсе, банкке бұл жағдай аса тиімді емес. Себебі ол ұзақ мерзімді табысынан айырылады.

«Неге десеңіз, өзінің даму бағдарламасында, бюджетінде банк ылғи да пайыздық табысын есептеп қояды. Сондықтан негізгі қарызды мерзімінен бұрын төлеген жағдайда айыпақыны қосып қойған. Бірақ заңнама мұны қазір қатаң қадағалайды. Егер сіз келісімшарт негізінде ипотекалық несие алсаңыз, онда айыппұл, яғни айыпақы қарыз алған мерзімнен бастап 6 ай ғана күшінде болады. Ары кеткенде 12 ай. Осы мерзімнен кейін сіз ешқандай айыпақысыз немесе айыппұлсыз негізгі қарызды жаба аласыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар