07.06.2023 03:28 Теріс әрекеті үшін лауазымынан босаған Конституциялық Сот судьялары зейнетақы жарнасын қайтарады АСТАНА. ҚазАқпарат – Теріс әрекеті үшін қызметінен босатылған Конституциялық Соттың судьяларынан жұмыс істеген аралығында аударылған зейнетақы жарналары қайтарылады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2023 20:29 Алақол судьялар қосымша белгіленген зейнетақы жарнасын бюджетке қайтарады АСТАНА. ҚазАқпарат – Судья теріс себеппен қызметінен босатылған жағдайда қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары бюджетке қайтарылатын болады. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.05.2023 13:26 Зейнеткерлер өз жинақтарын толық пайдаланса, БЖЗҚ қанша қаражат жоғалтуы ықтимал АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өздерінің зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады. Бұл бастамаға қатысты Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 13:00 Өз зейнетақы жинағымнан бір тиын да алған жоқпын – Ерұлан Жамаубаев АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің зейнетақы жинағынан бір тиын да алмағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.05.2023 10:22 1 шілдеден бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ын жеке инвесткомпанияға бере алады АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
29.05.2023 11:54 Зейнеткерлер енді зейнетақы жинағын үй сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекс аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) зейнетақы жинақтары бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық сомасын пайдалануға құқық беріледі.
29.05.2023 10:42 БЖЗҚ-дан ай сайын қосымша төлемдер берілетіні туралы ақпарат - фейк АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасай отырып, биыл алдағы айдың 1-нен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың арнайы сайтына сілтеме жасап.
25.05.2023 15:07 Алтай Көлгінов: 4 бала туған әйелді зейнетке ерте жіберу аналардың өзіне тиімсіз АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының 4 бала тәрбиелеп отырған аналарды 53 жастан зейнетке жіберу туралы ұсынысына жауап қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 09:44 Еліміздегі 2 млн 297 мың зейнеткерге жыл басынан бері 1,1 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.05.2023 15:04 Жыл басынан бері зейнетақы қорына қазақстандықтардан 81,8 млрд теңге түсті АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері 1 трлн теңгеге ұлғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 15:19 Нұртай Сабильянов Семей полигонынан зардап шеккендер проблемасын көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Семей полигонынан зардап шеккен адамдарға қолдау көрсету мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.05.2023 13:54 Мүгедек баласы бар аналар зейнетке неліктен ерте шықпайды – министр жауабы АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.04.2023 19:40 Зиянды өндірісте 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы төленуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зиянды еңбек жағдайында 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.04.2023 10:14 Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 121 мың теңгеге жуықтады АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.04.2023 15:07 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын ұлғайту еңбек нарығына теріс әсер етеді АСТАНА. ҚазАқпарат – 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыру жоспарлануда. Бұл еңбек нарығындағы мәселені күрделендіріп жібереді. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарында осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 04:22 Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды ПАРИЖ. ТАСС – ҚазАқпарат - Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды, құжат сенбі күні Франция Республикасының ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
15.04.2023 07:51 Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын мақұлдады ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның Конституциялық кеңесі жалпы зейнетақы реформасын мақұлдады. Бастаманың барлық дерлік ережелері, соның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру және жәрдемақыларды азайту елдің негізгі заңы мен республика қағидаттарына сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.
13.04.2023 15:03 Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 15 трлн теңгеден асты АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы салымшылар жинағының жалпы сомасы 15,1 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 18:04 Макрон шетелде де сынға ұшырады АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция президенті зейнет реформасына қатысты шетелде де сынға ұшырады. Нидерландыда заң жобасына қарсы азаматтар Макронның сөзін бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
07.04.2023 10:12 Құтқарушылар 48 жастан бастап зейнетке шығуға мүмкіндік алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.