Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімі өзгерді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отбасы банкісіне» сілтеме жасап хабарлайды.

«Енді БЗТ қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражаты 20 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі болады», - делінген хабарламада.
Назар аударыңыз!
20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі.
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ.

Еске салайық, 2022 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтерілетіні мәлім етілген болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец аталған шекті мөлшер неліктен арттырылатынын түсіндірді.

Кейін зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты enpf-otbasy.кz платформасына үш күн ішінде өтініштердің рекордтық саны жолданғаны айтылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі зейнетақы жинағын «Отбасы банк» депозитіне аудару мүмкіндігін түсіндірді.

Бүгін сенатор Нұрлан Қылышбаев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жеткіліктілік шегін арттыру мәселесін көтерді. Депутат Мемлекет басшысы зейнетақы есеп-шотынан артық жинақты алуға мүмкіндік берілетін азаматтар санатын біртіндеп ұлғайтуды тапсырғанын еске салды. Сенатор қазіргі таңда жеткіліктілік сомаларын көтеру тақырыбы қоғамда қызу талқыланып жатқанын атап өтті. Кейін ҚР Президенті шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды. Сондай-ақ зейнетақы жинағын банктегі депозитке аударған соң үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.




Соңғы жаңалықтар