USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Зейнетақы жинақтарын алудағы жағдай бағдарламаға деген сенімді төмендетеді – сенатор

2021 жылғы 9 желтоқсан 11:02
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинақтарын алудағы жағдай бағдарламаға деген сенімді төмендетеді – сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Нұрлан Қылышбаев Премьер-Министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Н. Қылышбаев Мемлекет басшысы зейнетақы есеп-шотынан артық жинағын алуына мүмкіндік берілетін азаматтар санатын біртіндеп ұлғайтуды тапсырғанын еске салды.

Сенатор қазіргі таңда шектік сомаларды қайта есептеу тақырыбы қоғамда талқыланып жатқанын айта келіп, ол өз жинағын пайдалана алатын адамдар санын азаятынын атап өтті.

«Енді өз жинақтарының бір бөлігін пайдалана алатын БЖЗҚ салымшыларының саны күрт қысқаруы мүмкін. Егер 2021 жылы олардың саны 700 мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы болса, 2022 жылғы шекті қайта есептеуге байланысты бұл сан түбегейлі өзгереді. Жеткілікті шектегі жасы келген қатысушылар үшін 63%-дан ең жас қатысушылар үшін 82%-ға дейін өседі деп күтілуде. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімге нұқсан келтіреді», - деді депутат Нұрлан Қылышбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Сенатор осыған байланысты жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шекті ұлғайту мүмкіндігін қарастыра отырып, Министрлер кабинетінің басшысынан ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу мәселесін қарастыруды сұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT