Зейнетақы жинақтары инвестиция ретінде шағын және орта бизнеске бағытталуы мүмкін

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева зейнетақы активтері бағытталатын мүмкіндіктер кеңейілуі ықтимал екенін айтты. Бұл тұрғыда «Даму» қоры кепілдік беретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақын арада шағын және орта бизнеске инвестиция салу бойынша тиісті мүмкіндіктердің тізбесін кеңейту бөлігінде өзгерістер енгізу ескеріліп отыр. Бұл тұрғыда «Даму» қорының кепілдігі бар қаржы тетіктері ғана ғана қамтылады», - деді Мария Хаджиева Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол мұндай инвестицияларда тәуекелдер аз болатынын айтты. Себебі аталған қаражатты жабуға қатысты «Даму» қоры жағынан қосымша кепілдік беріледі.

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқаруға беру кезінде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар ол жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндігі қарастырлып отырғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар