Зейнетақы жинағына үй алғандардың көбі екінші, үшінші пәтерін сатып алды - Отбасы банк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы жинағынан артылған қаражатты алу ресми жұмыс істеудің маңызды екенін көрсетті. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өз ақшасын зейнетақы қорында қалдырғандар да дұрыс шешім қабылдады деп санаймын. Әр адамның жағдайына жеке-дара қарау керек. Егер бұл сіздің алғашқы баспанаңыз болса, әрине, оны сатып алу қажет болды. Бірақ салымшыларымыздың жас ерекшеліктеріне қарап, басым бөлігі екінші немесе үшінші пәтер алғанын көрдік. Толық төлем жасаған салымшылардың көпшілігі 45 жастан асқан. Дегенмен, олардың көбіне инвестициялық басқаруға беру, зейнетақы аннуитетін сатып алу опциясын пайдалану керек еді деп есептеймін», - деді Ләззат Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, спикердің айтуынша, бұл бағдарлама қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы ақшасы толық сақталғанын көрсетті.

«Өте көп сын айтылып жатыр. Кейбірі ақша жоқ, барлығы бағалы қағаздарда деп жазды. Шын мәнінде барлық қаражат сақтаулы тұр. Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – заң бойынша ақшаның сақталуына мемлекеттік кепілдігі бар жалғыз мемлекеттік мекеме. Сондай-ақ, бұл ресми түрде жалақы алудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. 2000 жылдардың басында тіпті аз жалақы алған барлық азаматтар да айтарлықтай үлкен инвестициялық табыс алды», - дейді Л. Ибраимова.

Л. Ибрагимова өзінің еңбек жолынан мысал келтіріп, 1995 жылғы 9 сәуірден бастап жұмыс істейтінін және зейнетақы жинақтарын алу бағдарламасын өзі де пайдаланғанын айтты.

«Менде зейнетақы жинақтарының жеткілікті сомасы болды, әсіресе 1998-2005 жылдары үш-төрт жұмыста қызмет еттім, бірнеше университетте сабақ бердім және инвестициялық табысым бүкіл зейнетақы жинағының 30 пайызынан астам жиналды», - деді Ләззат Ибрагимова.


Соңғы жаңалықтар