Зейнетақы жинағына алынған баспананы 5 жылдан кейін ғана сатуға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын пайдалан отырып сатып алынған баспананы 5 жылдан кейін ғана сатуға болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біржан Нұрымбетов сондай-ақ жоғарыда аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында, сондай-ақ өздері, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары (аталары/әжелері, ата-аналары, балалары, немерелері, аға-інілері) үшін емделудің ақысын төлеу үшін пайдалана алатынын атап өтті. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.

«Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе басқа мақсатқа қайта пайдалана алады», – деді министр.

Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану тұрғын үй (бастапқы және қайталама нарықта) немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларын көздейді. Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін.

«Бір терезе» қағидаты бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқартуға мақсатты пайдалануға уәкілетті оператор ретінде қайта құрылатын «Отбасы банкі» («Тұрғын үй жинақтаушы банкі» АҚ) ұсынылады.

Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді.


Соңғы жаңалықтар