+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын жеке компанияның басқаруына қалай беруге болады

2021 жылғы 27 қаңтар 20:43
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын жеке компанияның басқаруына қалай беруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеткіліктілік шектен асқан қаражатты жеке компанияның басқаруына зейнет жасына жетпеген азаматтар бере алады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияның басқаруына аудару құқығын мына салымшылар пайдалана алады: зейнет жасына жетпеген және «жеткіліктілік шегінен» асатын зейнетақы жинағы бар адамдар; өмірлік аннуитеттік төлемді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті келісімшартын жасасқандар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, азаматтар «жеткіліктілік шегі», жеке басқаруға аударуға болатын зейнетақы жинағының сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ сайтынан, eGov.kz сайтынан және eGov mobile қосымшасынан біле алады. Сонымен қатар салымшы басқарушы инвестициялық қоржындар тізімімен, олар ұсынатын инвестициялық декларциялармен БЖЗҚ сайтынан танысып, одан кейін өзі таңдаған басқарушы компанияны іріктеп ала алады.

«Салымшы жеке басқаруға зейнетақы жинағын аудару үшін БЖЗҚ-ға зейнетақы жинағын бір немесе бірнеше басқарушы компанияның сенімді басқаруына аудару туралы өтініш береді. Өтінішті БЖЗҚ-ға келіп, немесе БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы электронды түрде беруге болады. БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы есепшотындағы жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағын немесе зейнетақы аннуитеті туралы жасалған келісімшартты тексергеннен кейін 30 күннің ішінде зейнетақы жинағының тиісті бөлігін жеке компанияның басқаруына аударады. Зейнетақы жинағының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында болады» , - деді Еділ Медеу.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT