Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: Компанияларға қойылатын талаптар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға берген кезде басқарушы компанияға қандай талап қойылады. Бұл сауалға бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы, кемінде 3 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы, соңғы үш жылда клиенттердің 5 млрд теңге мөлшеріндегі активтерін басқару тәжірибесі, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде шығынды қызмет фактілері жоқ компанияларға беруге болады», - деді Мария Хаджиева.

Оның атап өтуінше, сапалық өлшемшарттардың арасынан соңғы 6 ай ішінде пруденциялық нормативтерді бұзу фактілерінің, орындалмаған қадағалап ден қою шараларының, санкциялардың болмауын, сонымен қатар басқарушыда ірі қатысушының болуын атап өтуге болады.

Ағымдағы сәтте агенттіктің инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар 18 басқарушы компанияның 6-уы бекітілген талаптарға сәйкес келеді.

«Басқарушы компаниялардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланды. Басқарушы компанияларды бұл тізімге енгізу басқарушы компаниялардың зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтерді көрсететінін білдірмейді. Шешімді компанияның өзі және оның акционерлері қабылдауға тиіс. Зейнетақы жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына беру үшін олар сенімгерлік басқаруға және кастодиандық қызмет көрсетуге шарттар жасауы қажет. БЖЗҚ өзінің интернет-сайтында өзі сенімгерлік басқаруға шарттар жасаған басқарушы компаниялардың тізімін жариялайды. Содан кейін салымшылар өз жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына аударуға құқылы»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар