+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын пайдалану: Платформада «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» мүмкіндігі пайда болды

2021 жылғы 26 ақпан 09:49
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын пайдалану: Платформада «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» мүмкіндігі пайда болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» батырмасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Отбасы банкіне сілтеме жасап.

«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» батырмасы іске қосылды. Енді, өтінімді қате жіберген болсаңыз немесе ойыңыздан айныған болсаңыз, арнайы шотқа түскен қаражатты БЖЗҚ-ға қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Оны платформадағы жеке кабинетіңіх арқылы оңай жасай аласыз», - делінген хабарламада.

Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады.
1. enpf-otbasy.kz онлайн платформасына жеке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
2. Жойғыңыз келетін өтінімді ашыңыз;
3. БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару деп аталатын қызғылт сары батырманы басыңыз.
3 - жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда, сіз қайтадан біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім жолдай аласыз.
Егер сіздің өтініміңіз мақұлданған болса және сіздің арнайы шотыңызда қалдық ақшаңыз қалса, онда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруға болмайды.
Қалдық сома 45 күннен кейін зейнетақы шотыңызға автоматты түрде қайтарылатын болады.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT