Зейнетақы жинағын пайдалану: Баспана жағдайын жақсартуға 635 мың өтінім түсті
2021 жылғы 6 тамыз 20:35

Зейнетақы жинағын пайдалану: Баспана жағдайын жақсартуға 635 мың өтінім түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана жағдайын жақсартуға жұмсауға 635 мыңнан астам өтінім жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қор ақпаратына сілтеме жасап.

2021 жылдың 5 тамызындағы жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 635 066 (қабылданбағаны – 253 969) өтініш, емделуге 45 524 (қабылданбағаны – 17 227) өтініш келіп түсті. Инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға 3 067 (қабылданбағаны – 617) өтініш жолданды.

Өтінімдердің қабылданбауының себептері:

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.

2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.

3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасы көрсетілген.

4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.

5. «БЖЗҚ» АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.

6. Өтінім қайталап жіберілген.


Jańalyqtar

MURAǴAT