+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын пайдалану: Банктен арнайы шотты қалай ашуға болады

2021 жылғы 13 қаңтар 13:46
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын пайдалану: Банктен арнайы шотты қалай ашуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БЖЗҚ салымшылары «Отбасы банкінде» онлайн режимде арнайы шот аша алады. Бұл туралы ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін уәкілетті операторында тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты.

Біз, ең алдымен, қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ-ның клиенті болып табылмайтын зейнетақы қорының салымшыларына арнайы ағымдағы шоттар ашуды ұсынамыз.

Бұл үшін:

· ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеп, құрылғыңызға қондыру қажет (IOS және Android).

· Қосымшаның басты бетінің төменгі жағындағы «Біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу» пернесін басыңыз.

· Сосын қолданыстағы ұялы телефон нөмірін және ЖСН енгізіңіз.

· Ұялы телефон нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі.

· Келген кодты енгізіңіз

· Сканерлеу үшін жеке куәлігіңізді дайындап қойыңыз.

· Енді өзіңізді куәландыру қажет. Экранға қарап, қиын емес бірнеше іс-әрекетті орындаңыз.

· Верификациядан сәтті өткеннен кейін клиент сауалнамасындағы жеке деректерді толтырыңыз.

· Деректерді өзгертуге арналған өтінішпен, Банктің стандартты талаптарымен және біржолғы зейнетақы төлемі үшін шот ашу туралы өтінішпен танысыңыз.

· Бұл әрекет расталу үшін сіздің нөміріңізге коды бар SMS жіберіледі, келген кодты енгізіңіз.

· Әрі қарай, интернет-банкингке кіру үшін пароль ойлап тауып, енгізіңіз. Мобильді қосымшаға жылдам кіру үшін 4 саннан тұратын пасскодты ойлап тауып, енгізіңіз.

· Біржолғы зейнетақы төлемі аударылатын арнайы ағымдағы шот ашылды!

«Отбасы банк» клиенттері үшін арнайы шот онлайн-платформада біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы өтініш беру барысында ашылады. Платформа біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері бекітілгеннен кейін іске қосылады.

Сондай-ақ арнайы шотты «Отбасы банк» АҚ сайтындағы бейне қоңырау қызметі арқылы да ашуға болады.

Арнайы шот ашу операциясы дүйсенбіден сенбіге дейін (қоса алғанда) сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін болады.

«Бүгін біз БЖЗҚ салымшыларына мақсаттарына бір қадам жақындап, арнайы шотты онлайн ашуды ұсынамыз. Бұл біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш берген кезде, тұрғындарымыздың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT