+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын неге мерзімінен ерте алуға болмайды

2017 жылғы 23 қараша 14:14
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын неге мерзімінен ерте алуға болмайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - БЖЗҚ АҚ басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева зейнетақы жинағын мерзімінен ерте неге алуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бұл мәселе қоғамда екіұдай пікір туғызып отыр.

«Әлемде кейбір елдерде ондай тәжірибе бар. Бірақ, ол елдерде жинақ көлемі жоғары. Мәселен, Сингапурда зейнетақы салымы жалақының 40%-ын құрайды. Егер, Қазақстанда да сондай жағдай болса, онда ақшаны алудың жөні бар»,- деді Нұрбүбі Наурызбаева.

БЖЗҚ басқарма төрайымының айтуынша, қазақстандықтардың орташа салымы 1 млн теңге көлемінде.

«Бұл қаржы бәрін қамтуға жетпейді. Қазір азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде 72 жас, әйелдерде - 76 жас. Кей аймақтарда одан да көп өмір сүреді. Елестетіп көріңіз, 1 млн теңге зейнеткердің қанша жасына дейін жетеді? Сондай-ақ, 39 жасқа толмаған азаматтар шоғырландырылған зейнетақыны алмайды. Оларға тек базалық зейнетақы мен өздерінің жинаған сомасы беріледі. Осыны ескере отырып, зейнетақы салымын зейнеткерлікке шықпай тұрып басқа мақсатта алу туралы айтудың өзі дұрыс емес деп санаймын», - деді Нұрбүбі Наурызбаева.

Басқаша айтқанда, БЖЗҚ салымшыларының алаңсыз қартаюына жағдай жасап, қартайған кезде қаржылық қиындық көрмеуіне алаңдаушылық білдіріп отыр.

«Иә, бұл мәселе талқыланып жатыр. Бірақ БЖЗҚ бұл сұраққа байланысты әзірге қандай да бір болмасын ұсыныс енгізуден бас тартып отыр», - деді ол.

Айта кету керек, жаңа жылдан бастап зейнет жасына жеткен азаматтар өздерінің жинағын бірден шешіп ала алмайды.
ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар ақшасын бұрынғыдай бірден емес, ай сайын алатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT