+7 (701) 759 90 19
USD 419.87 EUR 508.04
RUB 5.7 CNY 65
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын алуға таңертеңнен бері 11 мыңға жуық адам өтінім берді

2021 жылғы 23 қаңтар 17:52
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын алуға таңертеңнен бері 11 мыңға жуық адам өтінім берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
AsiaCredit Bank салымшыларына 13 млрд теңге төленді Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға шектеулер енгізілді

«Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды», - деді баспасөз қызметінің өкілі ҚазАқпарат сауалына жауап бере отырып.

Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан сәл астам арнайы шот ашылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында кеше зейнетақының бір бөлігін баспанаға жұмсау мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мен «Отбасы банк» басшылары жиында көптің көкейінде жүрген басты сұрақтарға жауап берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT