Зейнетақы жинағын алу процесіндегі барлық операциядан комиссия алынбайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін алу процесіне қатысты барлық операциясынан комиссия алынбайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұған дейін де біз бұл мәселе бойынша ұстанымымызды білдіргенбіз. Бағдарлама қоғамда қызу талқыланғаны мәлім. Бұл ретте арнайы шот ашу үшін, арнайы шоттан аударым жасалған жағдайда да, тіпті сіздің ақшаңыз 45 күн арнайы шотқа аударылып, Бірыңғай зейнетақы жинағына қайтарылса да, комиссия алынбайды. Яғни БЖЗҚ-ға қайтарылатын сома бір теңгесі ұсталмай қайта аударылады», - деді Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар