+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Зейнетақы төлемдері индексациялаудан кейін қанша өсті

2020 жылғы 9 сәуір 11:53
Бөлісіңіз:
Зейнетақы төлемдері индексациялаудан кейін қанша өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларға жылдық тұрғыда 10%-ға индексациялауды жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сәуірден бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекет басшысының биылғы 31 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақыларды жылдық тұрғыда 10%-ға индексациялауды жүргізді. Осылайша 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері 40 441 теңгені құрайтын болды.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы, зейнетақы екі рет көтерілді.

«Мәселен 2020 жылдың 1 қаңтарынан инфляцияның болжамды деңгейі ескеріле отырып, базалық зейнетақыға 5%, ал жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдеріне 7% (инфляция деңгейінен 2%-ға артық) кезекті рет жыл сайынғы индексация жасалды.

2020 жылдың 1 сәуірінен жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдері 2020 жылға дейін тағайындалғанымен қоса осы жылғы 1 қаңтар мен 31 наурызда бекітілген бөлігі 5%-ға жоғарылады», делінген хабарламада.

Министрлік аталмыш өзгерістерге қатысты мысалдар келтірді.

Бірінші мысал: ер адамға 18.11.2019 жылдан бері 43 000 теңге ынтымақты зейнетақы тағайындалды делік. Оның зейнетақысы жыл сайынғы қайта есептеу аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан қаңтарынан 46 010 теңгені құрады. 2020 жылғы 1 сәуірден болса, аталған ынтымақты зейнетақы 5% өсіп, 48 311 теңге болады (46 010+5%=48 311).

Екінші мысал: әйел адамға 12.03.2020 жылдан 52 000 теңге тағайындалды деп алайық. 2020 жылғы 1 сәуірден, 5% өсімді ескерсек, бұл ынтымақты зейнетақы 54 600 теңгені межелейді (52 000+5%=54 600).

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне келер болсақ, ол «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 4-бабына сай, 2020 жылдың 1 сәуірінен ең төменгі күнкөріс деңгейінің жаңа сомасы бойынша пайыздық мөлшерде айқындалады.

Мысал: ер адамға 20.12.2019 жылдан бері 26 729 теңге немесе күнкөріс деңгейінен 90% базалық зейнетақы тағайындалды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан оның мөлшері, күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсімін назарға алсақ, 28 065 теңгені көрсетіп, 2020 жылдың 1 сәуірінен 29 402 теңгені құрайды (биылғы 1 сәуірден ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болып бекітілді, оның 90%-ы=29 402).

Осы орайда, «2020-2022 жылдардағы республикалық бюджет туралы» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 1 сәуірден бастап ең төменгі зейнетақы мөлшері 40 411 теңге болды.

Тиісті қадамдар 2,2 миллионнан астам зейнеткерді қамтиды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT