+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын алуға бола ма

2016 жылғы 24 қазан 10:01
Бөлісіңіз:
Зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын алуға бола ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 39 мың адам зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын есеп-шоттарынан ала алады. Себебі олар ақшаны ерікті түрде салып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы санаттағы азаматтар 50 жасқа келгенде зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Дегенмен, қазіргі зейнетақы жүйесінің негізгі мақсат-міндетін ұмытпау керек: ел азаматтары зейнетақыға шыққаннан кейін қаржы жағынан қиыншылық көрмеуі тиіс. Егер зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі барлық адамдарға берілетін болса, олардың болашағы не болады? Осыны ойлау қажет», - деді «БЖЗҚ» АҚ аймақтық желіні дамыту департаментінің директоры Наталья Павлоская "NewTimes.kz" агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, I және II топтағы мүгедектер де зейнетақы салымдарын мерзімінен бұрын ала алады. Бұдан бөлек, зейнетақы аннуитетін алған 50 жастағы әйелдер мен 55 жастағы ер адамдарға ол ақшаны пайдалануға рұқсат бар.

Айта кетейік, қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымдарды мерзімінен бұрын пайдалану мәселесі қаралып жатыр. Ол ақшаға емделуге, несиені жабуға және тағы басқа шығындарға жұмсауға болады деген ұсыныс бар. Алайда сарапшылардың сөзіне қарағанда, зейнетақы жинақтарын бірден жұмсап тастаса, ел азаматтары зейнетақысыз қалуы әбден мүмкін. Оған қоса, бүгінде кейбір жинақтардың көлемі несиені өтеуге де жетпейді. Сондықтан оны жұмсау экономикалық жағынан тиімсіз болып тұр. Бүгінде мамандар осының барлығын есептеп, зейнетақы жинақтарын алдын ала есеп-шоттан алу мәселесін жан-жақты зерделеніп жатыр.

Айта кетейік, БЖЗҚ-ында 10,1 млн. зейнетақы салымдары бар. Соның басым бөлігі - 9,6 млн.-ы міндетті зейнетақы салымдарының үлесінде. Қазіргі кезде қазақстандықтар салған жинақтардың жалпы соммасы 6,2 триллион теңгені құрап отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT