Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау, төлеу тәртібі цифрландырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылар түрін тағайындау мен төлеу тәртібі цифрландырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдауда айтылғандай «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі». Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын жариялай отырып.

Министр сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылатынын жеткізді.

«Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар