Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индексациялана ма

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индексациялана ма? . Бұл сауалға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңға сәйкес индексация жыл сайын жүргізіледі. Биыл барлық әлеуметтік төлемдер бойынша индексация жасалып қойған», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол барлық шешім негізді әрі теңгерімді болуы тиіс екендігін тілге тиек етті.

«Қабылданатын барлық шешім негізді әрі теңгерімді болуы тиіс. Жекелеген жедел штаб бар. Ол барлық ахуалды бағалап, жағдайға қарай шешім қабылдайды. Сұраққа толық жауап жоқ», - деді Серік Шәпкенов.


Соңғы жаңалықтар