Зейнетақы қорының 200 млрд теңгесі банктерге беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші деңгейлі банктер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 200 млрд теңгесін нарық ставкасымен  алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банк кредиттеуді одан әрі ынталандыру бойынша бірқатар бастаманы іске асыруда. Бірінші - «7-20-25» бағдарламасын іске асыру.  Екі айдан аз уақытта 18 млрд теңгеге өтінім мақұлданды. Бұл бағдарламаның кредиттеудің жылына 200 млрд теңгеге өсу мүмкіндігін растайды. Тиісінше, банктер 5 жылда 1 трлн теңге ипотекалық кредиттер бере алады. Бұл банктердің ипотекалық портфелін екі есе арттырады»,-  деді Данияр Ақышев.

Ол екіншіден, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын орнықты банктердің облигацияларын сатып алу үшін абайлап пайдалану мәселесіне тоқталды.

«Банктер БЖЗҚ-ның салыстырмалы түрде көп емес қаражатын, 200 млрд теңгені нарық ставкасы бойынша ашық негізде алады. Үшінші, банктерді қалыпқа келтіру бағдарламасы. Бұл мемлекеттің қатысуының орнына акционерлер 1-ге 2 пропорцияда толық капиталдандыруға тиіс. Банктер алған қаражат  кредиттерді есептен шығаруға жұмсалады. Бұл оларға экономиканы кредиттеу үшін қаржыны босатуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде 1,3 трлн теңге қайта қаржыландырылды, оның 500 млрд теңге сомасына жаңа кредит берілді», - деді Ұлттық банкі төрағасы.

Төртіншден, оның дерегінше, кредиттеуді одан әрі ынталандыру талаптары жеңілдетіледі.

«Мысалы, Тәуекелге бағдарланған қадағалауды ендіру аясында қалыпты банктер үшін 2019 жылдан бастап жеңілдіктер қолданылады. Халықаралық нарықтардан қаражат тартуды шектеу бойынша кейбір нормативтердің күші жойылды. Банктерді қорландыруды ұзартатын жинақ депозиттері енгізілді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуда бағытындағы жобаларға қатысатын кәсіпкерлерді қаржыландыру үшін банктердің кредиттерін белсенді пайдалану мәселесі шешілді», - Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар