Зейнетақы қорындағы жинақты қашан шешіп алуға болады – Нұрымбетов жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары жинағының бір бөлігін шешіп ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз норма 2021 жылдан бастап күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, Президент бұл реформаға қатысты барлық нормативтік-құқықтық актілерді осы жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырмасын жүктеді», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Үкімет заңнамаға қажетті түзетулерді осы жылдың соңына дейін қабылдайды.

«Жылдың соңына дейін заңнамаға түзетулер қабылданып, Үкіметтің тиісті қаулысы және министрліктің бұйрығы қабылданады деп есептейміз. Соған орай 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап адамдар осынау мүмкіндікті пайдалануыүшін барлығын жасаймыз деп ойлаймын», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар