Зейнетақы қорынан алынған қаражатты ешкім бұғаттай алмайды - Ләззат Ибрагимова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынған қаражат арнаулы есепшотта сақталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-де өткен тікелей эфир барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арнаулы есепшотты тек қана онлайн ашуға болады. Ең дұрысы оны сіз біздің порталда өтінім беретін кезде ашқаныңыз жөн. Егер сіз зейнетақы жинағын пайдалану тетігіне қатыспайтын болсаңыз, онда арнаулы есепшот ашудың қажеті жоқ. Сондықтан асықпаңыздар. Бір реттік зейнетақы төлемге арналған арнаулы ағымдық есепшот барлық жағынан қорғалған. Тіпті бір жерден қарыз ақша алуыңызға байланысты қандайда бір кредитор, үшінші тұлға сот шешімімен сіздің екінші деңгейдегі банктегі кез келген есепшотыңызды бұғаттаса да бұл есепшотты еш бұғаттай алмайды. Ал егер осы уақытта сіз басқа жаққа кетіп қалып, қаражатыңызды пайдалана алмасаңыз, онда 45 күннен кейін оны біз қаражатты сіздің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыңыздағы есепшотыңызға қайтарамыз», - деді Ләззат Ибрагимова.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.




Соңғы жаңалықтар