Зейнетақы қоры активтерінің табыстылығы 4,1 пайызға дейін төмендеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 12,7 трлн теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 12,7 трлн теңгені құрады. Осы жылдың басынан бері инвестициялық кіріс көлемі – 154,1 млрд теңге, зейнетақы жарнасы – 662,5 млрд теңге, зейнетақы төлемі – 106,8 млрд теңге болды», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты қаржы құралдарының көпшілігі бойынша нарық құнының төмендеуі, сондай-ақ 5 айдағы теңге бағамының нығаюы салымшыларға теріс инвестициялық кірісті есептеуге себеп болып отыр.

«Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,1 пайызды құрады. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесінің орнықтылығы тұрғысынан кірістілік пен инфляция көрсеткіштерін ұзақ уақыт аралығын алып қарастырған жөн. Мысалы, 5 жылда жинақталған инфляция 46,2 пайыз кезінде зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 53 пайыз болды», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар