Зейнетақы қаражатын алу: Тұрғын үйді 5 жылға дейін сатуға тыйым салу тәртібі түсіндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ИИДМ құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев зейнетақының бір бөлігіне алынған үйді 5 жыл бойы сатуға тыйым салу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ алаңында бұл сұрақты министрліктің өкілдеріне тілшілер қойған болатын.

«Сұрақ өте маңызды. Өйткені бұл - көп адамның көкейінде жүрген әңгіме. Бүгінгі бекітілген ережеге сәйкес, бес жылдық шектеу тек бір жолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып, меншікке ресімделген, өтелмеген берешегі бар ипотекалық тұрғын үйді сатуға жол берілмейді. Тек ипотекаға, заимға алынған үйлер. Оның ішінде де 2021 жылғы 1 қаңтардан бері, ереже күшіне енген уақыттан кейінгі алған ипотекаға байланысты болады. Қалған барлық жағдайда ешқандай шектеу жоқ. Яғни егер сіз тұрғын үйді өзіңізге жеке меншікке сатып алатын болсаңыз (БЖЗҚ-дағы қаражатыңызға) кез келген уақытта қайта сатуға құқығыңыз бар», - деді Еркебұлан Дауылбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алатынын түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар